Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдың басынан бері ұлттық валюта 3% дейін әлсіреді

2016 жылдың басынан бері ұлттық валюта 3% дейін әлсіреді

2016 жылғы бірінші тоқсанда теңге нақты көрсетуде 2,8%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"2016 жылғы бірінші тоқсанда теңге нақты көрсетуде 2,8%-ға әлсіреді (нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің 34 елдің валюталарына қатысты өзгеруі), ал 2014 жылдың басы – 2016 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде әлсіреу 27,6%-ды құрады", - делінген баспасөз хабарламасында.

2016 жылғы бірінші тоқсанда теңгенің Ресей рубліне қатысты (салыстырмалы бағалардың өзгеруіне түзетілген) әлсіреуі 2,5% болды, ал 2014 жылдың басынан бастап теңгенің нақты әлсіреуі 4,4% болды.

Негізгі сауда әріптестері валюталарының нақты айырбастау бағамдарының индекстерін өзгерту бойынша деректер кестеде келтірілген.

Снимок

Похожие материалы