Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылғы қаңтарда Қазақстандағы инфляция 1,3% құрады

2016 жылғы қаңтарда Қазақстандағы инфляция 1,3% құрады

2016 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында инфляция 1,3% құрады. Бұл туралы Статистика комитеті мәлімдеді. 

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,8%, азық-түлік емес тауарларына – 0,9%, ақылы қызметтерге – 1,2%-ға өсті.

 
2016 ж. қаңтар
2015ж. желтоқсанға 2015ж. қаңтарға 2010ж. желтоқсанға
Тауарлар мен қызметтер 1,3 14,4 47,4
Азық-түлік тауарлары 1,8 11,6 44,8
Азық-түлік емес тауарлар 0,9 23,8 50,1
Ақылы қызметтер 1,2 8,6 47,5

Өткен айда бағаның өсуі жаңадан жиналған көкөністерге 8,2%, жұмыртқаға – 4,3%, жаңадан жиналған жемістерге – 3,7%-ға, нанға, қантқа – 3,2%, картопқа, қара шайға – 2,8%-дан, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 2,6%, сүзбеге – 2,2%-ға, жармаларға, күнбағыс майына – 2,1%-дан, мәйекті ірімшікке – 2%, құс етіне – 1,9%, өсімдік-сары майға – 1,8%, консервіленген сүтке – 1,7%, макарон өнімдеріне – 1,3%, кондитерлік өнімдерге – 1,2%, тоқаш және ұннан дайындалған өнімдерге – 1,1%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 4%, тұрмыстық аспаптарға – 2%, тоқыма бұйымдарына,  шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 1,9%-дан, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға – 1,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, автомобильдерге – 1,2%-дан, жеке қолданатын тауарларға – 1%, киім және аяқ киімге – 0,7% құрады.

Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 4,9%, мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне – 3,2%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен жол жүру ақысы – 1,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 1,4%-ға қымбаттады. Құқықтық қызметтер, жеке көлiк құралдарын сақтандыру үшін төлем 7%-дан өсті.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 3,4%, суық суға – 2,5%, кәрізге – 2,2%, электр энергиясына – 1,3%, орталықтан жылытуға – 1,1%-ға жоғарылады.

k01-02-2016-1

Естеріңізге сала кетейік, инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын  зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2016 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 36,7%, азық–түлік емес тауарлар – 31,4%, ақылы қызметтер – 31,9%–ды құрады.

Фото:kursiv.kz

Похожие материалы