Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz — 2016 жылы аштыққа ұшыраған америкалықтар саны 41,2 млн адамды құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға аз және 2007 жылмен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш. Яғни соңғы 9 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Бұл туралы АҚШ ауылшаруашылығы министрлігінің жылдық есебінде жарияланды.
Аштыққа ең көп ұшырайтындар Миссисипи штатында. Мұндағы елдің 19 пайызы азық-түлік жетіспеушіліктен зардап шегеді.
Азық-түлікке зәрулер қатары Вермонт, Массачусетс, Айова, Миннесота, Висконсин, Оңтүстік және Солтүстік Дакота, Арканзас, Луизиана, Алабама, Кентукки, Нью-Мексико штаттарында көп.
«Былтыр азық-түлікке зәрулер қатары рецессия кезінде бірден өсті. Алайда қазір жұмыссыздықтың азаюы мен азық-түлік бағасының тұрақты болуынан жағдай жақсарып келеді», - дейді зерттеу авторы Алиша Коулмен-Дженсен.
2017 жылдың ақпанында азық-түлік бойынша көмек бағдарламасына қатысатын америкалықтар саны 42,3 млн адамға азайған.
Айгүл Хожантаева