
Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz - 2016 жылы Алматы қаласында электр энергиясының тарифтері көтерілуі мүмкін деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
"АлматыЭнергоСбыт" компаниясы табиғи монополияларды реттеу агенттігіне аталған өтінішті жіберген. Компания жанар-жағармай бағасының қымбаттауы, қосалқы бекеттердің ескіруі мен курстың ауытқуына байланысты 1 киловаттың құнын 17 теңгеге дейін өсіруді сұрап отыр.
"Бұл өтінішке негіз ретінде энергия көздерінің 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді 2 пайызға көтерілетіні алынды. "КЕГОК" АҚ тарифін 6 пайызға қымбаттатып үлгерді", - дейді "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС бас директорының орынбасары Самат Әрішев. Ал, монополияға қарсы ведоство болса, аталған өтінішке қатысты шешімді әлі шығарған жоқ. Нақты жауап 25 желтоқсаннан кейін берілетін болады.