Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы Қазақстанға 11 мың оралман отбасы келген

2016 жылы Қазақстанға 11 мың оралман отбасы келген

Астана. 25 қараша. 7kun.kz - Биылғы жылы Қазақстанға 11 мың оралман отбасы келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе көп, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов  «Азаматтық қоғам дамуының жағдайы және перспективалары» тақырыбында өткен форумның пленарлық отырысында.

«Отандастарымыз құжаттарды рәсімдеу, білім алу, әлеуметтік бейделу тұрғысында көмекке зәру болып отыр. Дәл осы мәселеде ҮЕҰ-ның рөлі ерекше маңызды деп білемін. Өйткені, оралмандарды жаңа қоғамға әкімшілік механизмдерді қолдана отырып бейімдеуге болмайды. Мұны тек оларды бірте-бірте қоғамдық құрылымдарға тарту арқылы жүзеге асыруға болады», - деді вице-премьер.

Сондай-ақ, вице-премьер өңірлердегі азаматтық қоғам институттарының даму проблемасын атап көрсетті.

«Жасыратыны жоқ, танымал үкіметтік емес ұйымдар мен олардың көшбасшылары екі орталықта – Алматы мен Астана қалаларында шоғырланған. Бүгінде Алматының өзінде ғана 6 мыңға жуық коммерциялық емес қоғамдық құрылымдар тіркелген. Бұл бүкіл республикадағы ҮЕҰ санының 40 пайызын құрайды», - деп атап өтті И. Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Форум аясында қабылданған барлық ұсынысар Үкімет тарапынан міндетті түрде қаралып, шешім қабылдауда ескерілетінін мәлімдеді.

 

Похожие материалы