Алматы. 31 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылы шетелдік инвестиция көлемі 14,4 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл Қазақстан тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін шетелдік инвестиция бойынша ең жоғарғы көрсеткіш 2008 жылы 13,1 млрд доллар болған.
«2016 жылғы рекордты шетелдік инвестиция ағымы Қазақстанның төлем балансының қаржыландыру көзі болды», - деді ҚР Ұлттық банкі. Қаржы реттеушінің мәліметтеріне сенсек, 2015 жылмен салыстырғанда, өткен жылғы тікелей шетелдік инвестиция ағымы 40 пайызға артып, 20,6 млрд долларды құраған.
Тікелей шетелдік инвестиция алғандардың қатарында тау-кен өндірушілері, геологиялық барлау жүргізуші мекемелер мен өңдеу өнеркәсібі бар.
Тікелей шетелдік инвестицияның негізгі бөлігін өзге елдің азаматтарының табысы құрайды. 2016 жылы ол 4,9 млрд доллар болған. Шетелдіктермен серіктес Қазақстандық компаниялардың табысы көбейгеннен кейін, инвесторлар осы мекемелердегі елде қалатын табыстарының үлесін көбейткен.