Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы Қазақстанда 16,6 млн тонна мұнай өндірілді

2016 жылы Қазақстанда 16,6 млн тонна мұнай өндірілді

Атырау. 22 сәуір. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстандық мұнай өндіру зауыттарында 16 млн 602 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның мұнай өнімі бөлшек нарығындағы «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компанияларының үлесі 2017 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша, 16%-ды құрады.

Қазмұнайгаз мұнай және мұнай өнімдері саласындағы ұлттық оператор болғандықтан, ҚР Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес, әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерін төмендетілген бағамен тиеп жөнелтумен айналысады.

Жыл сайын егін салу және егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылық өндірушілерге арзандатылған дизельдік отынды жеткізсе,  жылыту маусымында ҚР-ның әлеуметтік-өндірістік нысандары мен мекемелерін жылытуға қажетті мазут береді.

2016 жылы жеткізілім көлемі 284 мың тоннаға жетті.

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы