Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы доллардағы депозиттердің үлесі азайды

2016 жылы доллардағы депозиттердің үлесі азайды

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz - Экономиканың долларлану мәселесі жоғары болып қалуына қарамастан, өткен жылы жинақтау, есеп айырысу құралы және активтер құнының өлшеуіші ретінде теңге үлесінің ұлғаюында айтарлықтай ілгеріледі. Бұл туралы ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты.

Ұлттық банктің деректері бойынша, «2016 жылы теңгемен депозиттер 3,3 трлн. теңгеге (66%-ға өсу) өсіп, шетел валютасымен депозиттер 1,1 трлн. теңге (10%-ға) төмендеген. Барлық депозиттердің долларлану деңгейі ең жоғарғы 70%-дық деңгейден 55%-ға дейін, ал жеке тұлғалар бойынша 80%-дан 62%-ға дейін төмендеді».

«Долларлану үлесі жоғары көптеген елдерде мұндай нәтижелерге жету үшін көптеген жылдар кеткенін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр», - деді төраға.

Долларсыздану процесінің тиімді болуына «валюта нарығындағы тұрақтылық және Ұлттық банктің теңгемен құралдардың тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралары ықпал етті», - деді ол.

 

Похожие материалы