Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы әлемнің әскери салаға жұмсаған қаражаты 1686 миллиард долларға жетті

2016 жылы әлемнің  әскери салаға жұмсаған қаражаты  1686 миллиард  долларға жетті

Стокгольм. 14 сәуір. 7kun.kz - Әлем жаппай қарулануда. 2016 жылы әлем бойынша әскери салаға 1686 миллиард доллар жұмсалған. Бұл әлемдік ІЖӨ-нің 2,2%. Бұл туралы  Стокгольмдегі әлем проблемаларын зерттеу халықаралық институтының (SIPRI) жыл сайынғы баяндамасында айтылды.

Аймақтар бойынша әскери салаға жұмсалған ең көп шығын – Таяу Шығыста. Бұл аймақ елдері ІЖӨ-нің 6%-ын осы салаға бөлген. Ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік, Солтүстік Америка елдерінде. Көрсеткіш ІЖӨ-нің 1,3%. Әскери салаға жұмсалған қаржы көлемі бойынша АҚШ пен Қытай, Ресей көш бастап тұр. АҚШ-тың әскери шығыны 1,7%-ға өсіп, 611 миллиард долларға жеткен. Қытайдың әскери шығыны 5,4% ұлғайып, 215 миллиард долларды құраса,  Ресей 2016 жылы қаржылық, экономикалық қиындықтарына қарамастан әскери салаға бөлінетін қаржы көлемін 5,9% немесе 69,3 миллиард долларға  ұлғайтыпты. Қарулану жағынан көш бастаған АҚШ-тың тоқтайтын ниеті жоқ. Дональд Трамп 2018 жылы әскери шығынды 9%-ға немесе 54 миллиарда долларға арттырмақ.    

Похожие материалы