Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы мұнай бағасы барреліне $90-ға қымбаттайды

2016 жылы мұнай бағасы барреліне $90-ға қымбаттайды

Ірі мұнай өндіруші компаниялардың инвестициясының қысқаруы және АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының азаюына байланысты 2016 жылы мұнай бағасы барреліне $90-ға қымбаттайды деп хабарлады Сауд Арабиясының Saudi Aramco ұлттық компаниясының бұрынғы вице-президенті Садад аль-Хуссейни.

Оған қоса қазіргі бар ұңғымалар мен жұмысқа әзір ұңғымаларды есептегенде жылдың алғашқы жартысында АҚШ-тағы мұнай өндірісі қысқарады деп күтудің қажеті жоқ деді қазіргі таңда өзі құрған Husseini Energy консалтингтік компаниясын басқарып отырған С.аль-Хуссейни.

«Егер мұнай бағасы барреліне 40-50$ шамасында болса,  алғашқы жарты жылдықтың соңына дейін АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының саны  900-ге дейін қысқаруы мүмкін»,-деді ол.

Baker Hughes ақпаратына сүйенсек, өткен аптада қондырғы саны 1140-қа теңесіпті, бұл 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда төмен.

Brent жұма күні барреліне 58,3 долларға сатылды, ал WTI бағасы барреліне 52,7 доллар.

Похожие материалы