Экономика
Экономика1
2016 жылы мұнайға сұраныс тәулігіне 1,2 млн баррелге артады
2016 жылы мұнайға сұраныс әлем бойынша 1,2 млн баррелге артады. Алайда ОПЕК-ке мүше емес елдер арасында тәуілігіне өндірілетін мұнай көлемі өткен жылмен салыстырғанда 740 мың баррелге азайып, 56,4 млн баррелді құрайды. Бұл туралы ОПЕК-тің мамыр айына арналған баяндамасында мәлім болды, деп хабарлайды РБК.
ОПЕК осы жылдың сәуір айындағы сұраныс көлемінің артуы туралы болжамын өзгерткен жоқ. Дегенмен картелге кірмейтін елдердегі шикізат көлемі күніне 10 мың баррелге азаяды. Баяндамада айтылғандай, көлемнің төмендеуі АҚШ-тағы мұнай көлемінің азаюы есебінен болады. Сондай-ақ, Қытай, Мексика, Ұлыбритания, Қазақстан және Колумбияда да мұнай көлемі төмендейді.
Картельдің сәуір айындағы болжамы бойынша Ресейдегі тәулігене өндірілетін мұнай көлемін 110 мың баррелге арттырды.Ал ОПЕК-тің өзі сәуір айында бір тәуліктегі өндірісті 34,44 млн баррелге дейін арттырды.