Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы Қазақстандағы банктердің рейтингі төмендеуі мүмкін

2016 жылы Қазақстандағы банктердің рейтингі төмендеуі мүмкін

2016 жылы қазақстандық банктердің рейтингі біраз төмендеуі мүмкін. Мұндай болжамды Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі келтіріп отыр.

"Біздің болжауымыз бойынша, осы жылы коммерциялық банктер арасында позитивті рейтингтен гөрі негативті рейтинг көп болады. Оған Standard & Poor’s рейтингіне қатысы бар 12 банктің "қалыпты" және 7 банктің "негативті" болжамға сәйкес болуы дәлел бола алады", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктердің рейтинг деңгейі тәуелсіз "ВВВ" несие рейтингінен төмен  болып отыр. Сондықтан S&P Қазақстандағы банк секторын бұрынғы BICRA классификациясы бойынша 8-ші топқа (әр мемлекеттің банк секторы 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша топтарға бөлінген) жатқызған. Агенттіктің бағалауы бойынша рейтингте банк секторының құрылымдық жетіспеушілігі, экономикадағы несие қауіпі, банктік реттеу және қадағалау ісінің төмен және басқару сапасының нашар болуы есепке алынады.

Сондай-ақ, агенттік банктердің рейтингі тәуекелділік портфелі мен капиталдандыру және өтімділік көрсеткішіне байланысты анықталатынын атап өтті.

Фото: zhirinovskiy2012.ru

Похожие материалы