Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы қазақстандық банктерде қандай қиындықтар болады?

2016 жылы қазақстандық банктерде қандай қиындықтар болады?

Банктерге қойылатын абсолютті нормативтері мен талаптардан бас тартып, әрбір банктің жеке параметрлеріне назар аудару қажет. Алдағы уақытта әр банк капиталының жеткіліктігіне мән беріледі. 2016 жылдан бастап кепілсіз қарыздардың 30%-дық өсімін шектеу туралы талаптарды өзгерту жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков банктің баспасөз маслихатында мәлімдеді.

«Банк жүйесіндегі қауіпсіздікті реттеу мақсатында өткен айда көптеген талқылаулар болды. Қаржы тұрақтылығына байланысты кеңес өткіздік, еркін айналымға байланысты сұрақтар талқыланды. Басты идея банктердің абсолюттік талаптарынан бас тартуға негізделіп отыр. Банк жүйесіндегі қауіпсіздікті реттеу үшін әрбір банктің салыстырмалы параметрлерін, яғни банк активтерін, капиталға қатысты депозит көлемін  қарау керек деп ойлаймыз", -деді Олег Смоляков. Кепілсіз несие жөнінде  Кепілсіз несиеге байланысты қаржы реттеуші капиталдың жеткілікті екендігіне баса назар аударуды ұсынды. "Біріншіден біз жыл сайынғы кепілсіз несие өсімін 30%-ға қысқарту туралы талаптарды шектеуді ұсынамыз. Жоғарғы деңгейлі қауіпті және қамтамасыз етілмеген несие алушылар мен банктергі мерзімі өтіп кеткен кредиттер үшін жаңа талаптар қойылды. Жаңа нормативтер банктерден қандай-да бір күдікті операциялар жүргізген кезде резерв көлемі мен капиталдың ең үлкен болуын талап етеді", - деді ол. Депозит туралы «Банк қоры халық депозиті арқылы жинақталатын болатындықтан, қаржы институттарының минималды нормативтен бөлек үлкен көлемдегі капиталының болғанын қалаймыз. Яғни осы арқылы акционерлер мен менеджерлердің жауапкершілігі болады деп есептейміз. Депозит базасын сақтау тек мемлекетке ғана жүктелмеу керек", - деп атап өтті банкир. Жеке капитал туралы «Біз Базель-3-ті енгізу аясында капиталдың жеткілікті болуына қатысты талаптарды арттыру туралы ойымыздан бас тартпаймыз. Бір-екі жыл бұрын  "банктердің бес жыл ішінде капитал бойынша жоғарғы талаптарды орындауы туралы" кестені жасағанбыз. Осы график бойынша қаламыз, бірақ бұл сыртқы экономикалық жағдаят есебіне байланысты болады. Капиталды кейінге шегеруге мүмкіндік береміз. Келесі жылдан бастап капиталға байланысты нормативтерді көтермейміз. Банктер 2015 жылғы тіркелеген талаптармен жұмыс істейді. Бұл банктердің сыртқы шоктарды дұрыс қабылдау үшін қоры болуы керек деген мәселеге байланысты", - дейді Олег Смоляков. Проблемалы қарыздар «Қазіргі уақытта ең көп көтеріліп жүрген басты мәселелердің бірі - проблемалы қарыздар. Біздің мақсатымыз - аталған қарыз деңгейін бақылап отыру. Жүйе бойынша оның көлемі банктерде 10%-дан аспау керек. Бізде осыған байланысты заң қалыптасты деуге болады. Егер банкер нашар қарыздар бойынша нормативтерді бұзатын болса, нақты шаралар қолданылады. Банк қызметінде отырған адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Осы талаптарды 2016 жылы енгізіуді жоспарлап отырмыз", - деді банкир. Банкирдің сөзінше, алдағы уақытта нақты іс-шаралар бойынша Ұлттық банк пен банктер арасындағы бекітулер талап етіледі. «Әрбір банкке нашар қарыздарының 10%-дық нормаға жетуіне байланысты жауапкершілік жүктеледі. Егер банктер талапты орындамаса, біз капиталдың көбеюін талап ететін боламыз. Яғни минималды нормативті 2 пайыздық пунктіге көтереміз.  Егер талаптар екінші рет орындалмаған жағдайда, банк жетекшісін қызметінен босатуға келісім алуға құқымыз бар", - деп нақтылады Олег Смоляков. Фото:kapital.kz

Похожие материалы