Алматы. 3 маусым. 7kun.kz - 2016 жылы тіс дәрігерлерінің табысы 2015 жылмен салыстырғанда 74 пайызға өсіп, таза табыс 3 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Ranking сараптама агенттігі. Бұл стоматология саласы үшін соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Табыстың өсуіне стоматологиялық қызмет құнының өсуі әсер еткен. Мысалы: 2016 жылы тіс дәрігерлерінің қызметі бірден 10,5 пайызға өскен.
Аймақтар бойынша қарастырсақ, 2016 жылы Алматы, Атырау, Қостанай облыстарының стоматологиялық клиникалары табысты еңбек еткен. Алматылық тіс дәрігерлерінің табысы 3,5 есеге өсіп, 4,8 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге жеткен.
Атырау облысында табыс 28,1 пайызға өсіп, 1,1 млрд теңгені құраған.
Қостанай облысы стоматологтарының кірісі 23,7 пайызға өсіп, 2 миллиард теңгені құрады.