Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы мұнай бағасы қандай болады?

2017 жылы мұнай бағасы қандай болады?

Астана. 13 қаңтар. 7kun.kz - 2016 жылы мұнай-газ нарығы бірқатар сынақтарды басынан кешірді, жаһандық нарықтың құбылмалығы мен тұрақсыздығы жағдайды тіпті күрделендіріп жіберді. Бірақ жыл аяғына қарай 2017 жылдың қандай болатындығын көрсететін факторлар қалыптасты. Назарларыңызға "Самұрық-Қазына" АҚ-ның ел экономикасына әсер ететін басты шикізат мұнай бағасына қатысты болжамын ұсынамыз. 

Қараша, желтоқсан айларында ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің кездесуі өтті, бұл кездесу жаһандық инвесторларға 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспар құруға мүмкіндік берді. Мұнай өндіруді тәулігіне 1,8 млн баррель деңгейінде ұстап тұру келісімінің арқасында мұнай бағасы қарашада 5%, желтоқсанда 8%-ға өсті.

Біз ОПЕК мұнай өндіруді қысқартқанымен, оның орны АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады деп ойлаймыз. Тіпті, АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының қазіргі санымен-ақ, тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. 2017 жылы мұнай бағасының өсімі қалыпты болады, яғни, біздің базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

Маңызды факторлар 

  1.     Жаһандық өсім мен мұнайға сұраныс болжамы

Жаһандық экономикалық өсім мұнай нарығының келешегін болжаудағы маңызды фактор болып қалып отыр. Кейбір елдердің көрсеткіштері жақсы болғанымен, өзгелерде жағдай оңды емес. Десе де 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы жоғары өсу қарқыны күтіліп отыр. ІЖӨ 2016 жылы 2,4-3,1% болса, 2017 жылы 2,8-3,4%-ға өседі деп күтіліп отыр.

Мұнайға сұраныс 2017 жылы тәулігіне орташа есеппен 1,15 млн баррельге, яғни 96,5 млн баррельге дейін артады (2016: тәулігіне +1,23 млн.). 2016 жылмен салыстырғанда өсудегі іркілістер АҚШ-та, Индияда, Еуропада байқалатын болса (баға икемділігінің төмендеуіне байланысты), Жапония мен Бразилияда сұраныс артады. Мұнай сұранысының артуына Қытайдың үлесі зор болады, 2016 жылғы сатылған көліктер санына қарасақ, жанармай пайдалану анағұрлым артатынын көруге болады.

[caption id="attachment_59466" align="alignnone" width="915"] Дереккөз: ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ОПЕК, ХЭА, Самұрық-Қазына[/caption]

Мұнайға сұраныстың өсуі экономиканың тұрақталуына, көлік секторындағы тұтынушылыққа байланысты болып отыр, ал төмендеу қаупі отынның балама түрлерін қолданған жағдайда және көлік құралдарының тиімділігін арттырған жағдайда болуы мүмкін.

2.     ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің мұнай жеткізілімі 30 қарашада ОПЕК 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 1,2 млн баррельге азайтуға, яғни тәулігіне 32,5 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Келісім мерзімі - алты ай. 2017 жылғы қысқартудың өзінде ОПЕК өндірісі 2016 жылғы қаңтардағы деңгейде қалады, бұл да, келісімдерге қарамастан, 2017 жылы ОПЕК күткен нәтижелер.  9 желтоқсанда ОПЕК-ке кірмейтін 11 ел, ОПЕК шешіміне қолдау ретінде 2017 жылы алты айға өндіріс көлемін тәулігіне 558 000 баррельге төмендетуді ұйғарды. Тиісінше, мұнай өндірісінің жалпы төмендетілген көлемі тәулігіне 1,8 млн баррель болды.   ОПЕК-ке кірмейтін елдердің өндірісі 2017 жылы тұрақталады. Өндіру Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағында  төмендеп, оның орнына Бразилия мен Канадада артады. Болжам бойынша, өндіріс көлемі жағынан Канада ОПЕК-ке кірмейтін елдердің ішінде Бразилия мен Қазақстаннан кейін үшінші орынға шығады.

Мұнай бағасының икемділігі мен болжамдар

2017 жылғы мұнай бағасының икемділігі жоғары болады деп күтеміз, бұл, ОПЕК пен оған кірмейтін елдердегі тәуекелдер төмендеді, сондай-ақ геосаяси факторлар да мұнай бағасына әсер етіп жатыр.

ОПЕК-тегі өндірістің қысқаруы АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндіру есебінен толықтырылады деп күтеміз.  Тақтатас мұнайы өндірісінің артуы мұнай бағасының өсуіне шектеу қояды. Тіпті, АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының қазіргі санымен-ақ, тақтатас мұнайын өндіру көлемі 2017 жылғы 1 тоқсаннан бастап өсуге бет алды. 2017 жылы мұнай бағасының өсімі қалыпты болады, яғни, біздің базалық сценарий бойынша барреліне орташа 50-52 доллар болмақ.

Дереккөз: Блумберг, Самұрық-Қазына

Похожие материалы