Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы - 7,43 трлн теңге

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы - 7,43 трлн теңге

Алматы. 26 қыркүйек. 7 kun.kz — 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,43 трлн теңге болды. Жыл басынан бергі өсім 741 млрд теңгені (11%) құрады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,63 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың саны 432 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары  бойынша шамамен 40 мың бірлікті құрады.

"2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 398,57 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 5,78 пайызды құрады. Бұл инфляция деңгейінен 1,9 пайызға жоғары (инфляция 3,9 пайыз болды)",- делінген хабарламада.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы