Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылдың басында еліміздегі инфляция 1,8%-ды құрады

2017 жылдың басында еліміздегі инфляция 1,8%-ды құрады

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылы қаңтар және 2016 жылдың желтоқсан айларында 2,6 пайызға өсті. Ал азық-түліктік емес тауарлар – 1,3 пайыз, ақылы қызметтер құны –1,2 пайызға көтерілді. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері картоп бағасы — 15% жаңадан жиналған көкөністер — 13,9%, сиыр еті — 5,3%, сары май — 4,3%, қой еті – 4,2%, жаңадан жиналған жемістер – 3,3%, жылқы еті – 2,7%, мәйекті ірімшік – 2,2%, нан — 2,1 пайызға өсті. Ал жұмыртқа (4,7%), қант (3,2%) және қарақұмық жармасының бағаары керісінше (1%) төмендеді.

Автокөлік құнының өсімі  — 2,2%, шыны және қыштан жасалған өнімдер өсімі – 2%, фармацевтикалық өнімдер мен жуғыш және тазалағыш құралдардікі — 1,4%, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары – 1,3%,  жиһаз және үйге қажетті заттары, тоқыма бұйымдары мен жеке қолданатын тауарларда – 1,2%, тұрмыстық аспаптарда – 1 пайызды құрады.

Бензин — 4,3 пайызға, баллондағы сұйытылған газ – 4,2 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі құқық қызметтеріне — 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 2,3%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,4%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 2,7%-ға қымбаттады. Ал жолаушылар әуе көлігі – 9,1%, темір жол көлігі – 0,3 пайызға арзандады.

Тұрғын үй коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге — 6,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, орталықтан жылытуға – 2,4%, электр энергиясына және ыстық суға – 2,3%, суық суға – 2,2 пайыз жоғарылады

2017 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі — 37,6%, азық–түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 32,2%–ды құрады.

Похожие материалы