Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылы бизнеске ҚҚС-ті енгізу бойынша масштабты реформа жүргізіледі. Бұл туралы мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, ведомство ҚҚС-ні есептеу кезінде туындайтын барлық әкімшілік кедергілерді жоюды жоспарлап отыр. "ҚҚС бойынша қызмет көрсету үлгісі бес күннен бір күнге дейін қысқарады. Тексеру саны азайтылады. Жаңа өзгеріс 2017 жылдың мамырынан бастап күшне енеді", - деп түсіндірді Теңгебаев.
Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап салық тексерістерін аудит жүргізуімен алмастырады, ол салық төлеушінің өз еркі арқылы жүзеге асырылады. Тек кен өндірумен айналысатын және акциздік тауар сататын ірі компанияларға ғана бұл өзгерістер қатысты болмайды.