Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан азаматтарының қаржылық сауаттылығы көрсеткіші 40 пайызды құрайды

Қазақстан азаматтарының қаржылық сауаттылығы көрсеткіші 40 пайызды құрайды
Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.  Қазақстан азаматтарының қаржылық сауаттылығы көрсеткіші 40 пайызды құрайды. Бұл Кения, Сенегал, Танзания, Замбия сынды елдердің деңгейіне тең көрсеткіш. Қазақстан бойынша онлайн-несиелеуде жылдық мөлшерлеме көлемі 1000 пайызға дейін жеткен. Алайда жедел несиелеу бойынша қарыз алушылардың құқықтық қорғалуына кепілдік қарастырылмаған. Мәселен, 60 мың теңге көлемінде онлайн-несие алып, оны уақытында өтей алмай, нәтижесінде қарыз сомасын 1,2 млн теңгеге дейін өсіріп алған азаматтар да көп. Бірінші несие бюросының деректеріне сүйенсек, 2017 жылы Қазақстанда онлайн-кредит қызметіне 248 мың адам жүгінген. Алайда қарыз алушылардың көбі шарт талаптарын орындай алмаған. Мұндай тұтынушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде өз мүдделерін қорғай алмайды. Бұл мәселені шешу үшін Ұлттық банк онлайн-кредит алу бойынша үлкен пайыздарды шектейтін әрі айыппұлдардың көлемін несие сомасынан 10 пайызға дейін азайтуға бағытталған заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жіберді. Өз ұсынысында Ұлттық банк халықаралық тәжірибеге сай реттеу құралдарын ұсынуда. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн-несиелеу бойынша әлемдік тәжірибені ескере отырып, несие мөлшерлемесі бойынша шектік мәнді анықтауға қатысты Ұлттық банктің бастамасын қолдайды. «Ұлттық банктің бастамасы, біріншіден, бұл қызметтің көлеңкеге кетпеуіне, екіншіден, халыққа сапалы әрі төмен пайызда  қызмет көрсетуге бағытталған», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы қаласында өткен Кәсіпкерлердің жыл сайынғы  конференциясында . Сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері жедел кредит беретін ұйымдардың қызметіне ашықтық керек екенін айтты. Бұл өз кезегінде Ұлттық банк ұсынып отырған шектеулер аясында бизнестін бұл түрінің нарықтағы тиімділігін анықтауға көмектеседі. «Тalap» қолданбалы зерттеу ортылығының талдау нәтижелеріне сәйкес, көптеген дамыған елдерде несиелердің пайыздық мөлшерлемесіне шектеу қойылған. Мәселен, АҚШ-та несие берудің жылдық тиімді мөлшерлемесі 36 пайыздан аспайды. Ал Германияда қылмыстық кодекс талаптарына сәйкес несие көлемінен 2 есе жоғары мөлшерлемеде несие беруге тыйым салынған және мұндай әрекеттер адамдарды табыс табу мақсатында пайдалану деп бағаланады.

Похожие материалы