Экономика
2017 жылы 546 ұйым мемлекеттік сектордан шығарылды
Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Мәжілісте өткен Үкімет сағатына қатысқан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылдағы сатылған және таратылған ұйымдар туралы баяндама жасады.
"Еліміздің акционерлік капиталының ішкі нарығын дамыту және оның өтімділігін қамтмасыз ету IPO мақсаттарынің бірі. Сондықтан ұлттық компаниялардың акцияларын «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңында орналастыру басым нұсқа болып табылады"-деді министр.
Тимур Сүлейменов бұл жағдайдың шетелдік инвесторлар арасында акциялардың тартымдылығын арттыру мақсатында жасалғанын айтты.
"Бұл ретте депозитариялық қолхаттар (GDR) түрінде шетелдік алаңдарда бір мезгілде листинг жүргізу нұсқасы қаралуда, бұл қосымша өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ шетелдік инвесторлар арасында акциялардың тартымдылығын жоғарылатады"-деді Сүлейменов.
Тұтастай алғанда 2017 жылы 546 ұйым мемлекеттік сектордан шығарылды, оның ішінде: 190 сатылған ұйым және таратылған 356 ұйым.