Саяхат жасаудағы ең керекті мәселелердің бірі – қонақүй таңдау мәселесі екені белгілі. Саяхат үшін қарапайым қағидаларды қоспағанда, биылғы жылдың ең маңызды жаңалығы – әлем бойынша таңғаларлық қонақүйлердің ондығы ашылмақшы. Олардың кейбірі Мадагаскар мен Мьянма секілді туристік аймақтардың жағдайын жақсарту үшін салынатын болса, ал кейбірі туризм жақсы дамыған аймақтарға арналады.
Сонымен 2017 жылы бізді әлем картасында не күтіп тұр?
АФРИКА
Mavana, Мадагаскар
[caption id="attachment_67495" align="aligncenter" width="720"] Фото: forbes.kz[/caption]12 мыңнан астам флора мен фаунадан құралған биологиялық арал осы уақытқа дейін туристерге базалық экология мен қарапайым қонақжайлығын ғана сыйлап келген еді. Ал биыл тіпті кәдімгі бес жұлдызды қонақүйі жоқ Мадагаскарда супер - Miavana тамаша қонақүйі ашылғалы отыр. Иегері - Сейшел аралындағы ультрафешенді Солтүстік Ирландия жобасының иегерлері. 14 бөлмелі біріккен курорт - Мадагаскардың солтүстік-шығыс жағалауындағы Nosy Anakao аралында орналаспақшы. Онда бару үшін тек тікұшақпен ғана көтеріле аласыз.
Қонақүйдің бір түндік құны 2,500 долларды құрайды.
The Silo, Кейптаун
[caption id="attachment_67499" align="aligncenter" width="719"] Фото: forbes.kz[/caption]Бұл - қала қонақүйлерінің ішіндегі көптен күткен қонақүйдің бірі. The Silo бұрыңғы элеватор ғимаратында орналасқан. 28 нөмірлі қонақүй жоғарғы қабаттарын қамтиды. Дизайнері Оңтүстік Африкадағы La Residence пен Royal Malewane жобаларының авторы - Лиз Байден.
Бір түндік құны адам басына - 2500 доллар.
Jabali Ridge, Танзания
[caption id="attachment_67500" align="aligncenter" width="720"] Фото: forbes.kz[/caption]Asilia компаниясы Африкадағы йога-сафариін ұсына отырып, өзінің люкс санатты турлар желісін дамытуды жалғастыруда. Қыркүйек айында фирма «Руаха» Ұлттық паркіндегі алғашқы жайлы лодж - Jabali Ridge-ті ашпақшы. Lodge сізге ең ыңғайлы жағдайларды ұсынатын болады: ағаштан жасалған жиһаздармен жабдықталған 10 үлкен нөмір, infinity-бассейн, жеке Spa. Сонымен қатар Asilia өзіндік турларының дәстүрін сақтап қалуға тырысады: жергілікті халықтан тұратын гидтер мен өңірлік адамдардың өмірімен танысу секілді мәлелелерді қарастырады.
Тәуліктік бағасы – 750 доллар.
АЗИЯ
Hoshinoya Bali, Индонезия
Фото: forbes.kzЖапониядағы ең қымбат қонақүйлердің бірі - Hoshinoya. Қонақүйдің құрылысын дәстүрлі жапондық рекан стиліндегі 30 вилладан құрастыра отырып, 30 шебер жасап шығарған. Мұнда қабырғаларында татами мен седзи және күрделі кескіндер бар. Әр бөлмеден температурасы тәулікке байланысты өзгеріп отыратын жартылай жабық бассейнге шығуға болады. Бірақ, ең кереметі, қонаққа ең жағымды орын - Café Gazebo күркелері болып табылады.
Тәуліктік құны – 700 доллардан басталады.
Awasi Iguazú, Аргентина
[caption id="attachment_67503" align="aligncenter" width="720"] Фото: forbes.kz[/caption]Патагониядағы Awasi қабырғалары мен Атакама шөлі - осы санаттағы үздік қонақүй қатарына кіреді. 12 бөлмеден тұратын жаңа лоджқа Игуасу сарқырамасы інжу-маржанын шашып тұрғандай көрініс беріп тұр. Джунглидің ортасында орналасқан вилланың өз бассейні, гид және жол таңдамайтын көліктері бар. Сондай-ақ, экскурсияны белгілі биолог мамандар әзірлеген екен.
КАРИБ ТЕҢІЗДЕРІ
Sailrock Resort, Теркс и Кайкос
[caption id="attachment_67504" align="aligncenter" width="720"] Фото: forbes.kz[/caption]Грейс шығанағында көп қабатты қонақүй көп болғанымен, риф маңында орналасқан Оңтүстік Кайкос әлі де толықтай салынып бітпеген. Бұғазда скаттар, тасбақа және дельфиннің көптеген түрлері кездеседі. Мұнда тіпті көші-қон кезінде киттерді де көре аласыз. Вилла өзінің сәнді нөмірлерімен қатар, жағажайдағы өрілген орындықтар мен шыны үстелдерімен, бассейн, террасалар мен жақын маңдағы мұхитымен ерекшеленіп тұр. Алдағы уақытта қосымша мейрамханалар мен SPA-орталықтарын ашу жоспарларын отыр.
Қонақүй құны 400 доллардан басталады.