Экономика
2017 жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 4,9 пайызға өскен
Алматы. 21 қараша. 7kun.kz - 20 қараша күні Ауыл шаруашылығы министрлігінде селекторлық режимде кеңейтілген кеңес отырысы өтті.
Кеңесте агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын дамытудың 2017 жылғы 10 айдағы қорытындысы, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері қаралды деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдың 14 ақпанында Қазақстан республикасы президентінің Жарлығымен бекітілді. Бағдарламаның негізгі басымдықтары қазақстандық нарықты қамту және өнімдердің экспорттық әлеуетін дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа барынша тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану және сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.
2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына талдау нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2,1 пайызға, азық-түлік өнімдері 4,9 пайызға өскен.
2017 жылдың басынан 10 қарашаға дейін 770 кооператив құрылса, оның ішінде: сүт бағытында – 273, ет бағытында – 375. Сонымен қатар, 109 563 мүйізді ірі қараға арналған 6 627 отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 8,2 мың жеке кәсіпкерлерлік пен 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықта 68 мыңнан астам жеке шаруа қожалықтар мен шағын шаруашылықтар тартылды.
Кооперативтерде бірігуді ынталандыру үшін мемлекет әр түрлі мемлекеттік қолдауларды қамтамасыз етіп отыр. Соның бірі – сатылған сүттің (литріне 10 теңгеден), ірі қара мал басына (20 мың теңгеден) және сатып алынатын аралас жемдердің (тоннасына 20 мың теңгеден) субсидиялар бөлу, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен тарапынан жабдық пен техниканы сатып алуға жұмсалған шығындарды 50 пайызға дейін өтеу.
Қазақстан қарашаның басында Қырғызстаннан келетін ауыл шаруашылық өнімдерін
қайтарған еді.