Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Қазақстан АҚШ-тан 85 млн долларға құс етін сатып алды

2017 жылы Қазақстан АҚШ-тан 85 млн долларға құс етін сатып алды

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz —  2017 жылы Қазақстан мен АҚШ-тың сауда айналымы 1,6 млрд долларды құрады, деп хабарлады LS.

2017 жылы Қазақстан мен АҚШ-тың сауда айналымы 1,6 млрд долларды құрады. 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 11,1 пайызға (1,8 млрд доллар) аз болып отыр.  2017 жылы Қазақстан АҚШ-қа 392,3 млн долларға шикізат пен тауар саудалаған. Соның ішінде ферроқорытпаның (183,3 млн доллар) үлесі басым. Одан кейінгі орында радиоктивті элементтер (77,7 млн доллар), сутек (26,8 млн доллар) пен тантал (25,4 млн доллар) тұр.

Импортқа келер болсақ, бұл елден 1,2 млрд долларға өнім жеткізілген.  85,9 млн долларға құс етін сатып алса, 81,2 млн долларға бұрғылау машиналарын, 56,6 млн долларға сорғы алынған. Бұдан өзге кран (44,8 млн доллар), автокөлік (40,8 млн доллар), катализаторлар (38,1 млн доллар) мен  турбореактивтік қозғалтқыш (35,2 млн доллар) тасымалданған.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы