Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz - Қазақстандағы 9 түрлі саланың ассоциация басшылары Алматыдағы Кәсіпкерлер палатасында жиналып, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесін талқылады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын өндірушілер колледждердегі мамандардың дайындық деңгейіне наразылық білдірген еді. Жауап ретінде Кәсіпкерлер палатасы орта білім беру орындарымен қоса 7 кластер ашты. Енді жұмыс берушілер жаңа тапсырма қойып отыр.
"Кәсіпорын өндірушілері әрбір маманның кәсіби санаты болғанын қалайды. Ол шығарылатын өнімнің сапасы мен қызметкердің жалақысына әсер етеді. Енді әрбір саладағы сертификаттау орталығы мамандарды қайта оқытып отырады. Бірақ "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының реестірен кірген салалар ғана бұл жобаға тартылады", - деді Алматы қаласындағы палатаның адамдық капиталды дамыту бөлімінің басщысы Вера Цзин.
Кімнің аттестациядан өтетіндігін, ал кімнің өтпейтіндігін тек жұмыс берушілердің өздері ғана шешеді. Олардың сөзінше кей қауымдастықтарға мамандарды аттестациядан өткізу үшін қажетті материалды-техникалық базасы мен қажетті кәсібилік деңгей жетіспейді. Осыған байланысты "Атамекен" ҰКП басшылығына арнайы ұсыныс жіберілді. Егер ол қабылданса, осы Алматыдағы туризм, жиһаз өндірісі, азық-түлік кәсіпорындары, жеңіл өнеркәсіп салалары мен инновациялық компания қызметкерлері біліктілік туралы сертификат ала алады.