Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Қазақстанда зейнетақы есептеу шарттары өзгертіледі

2017 жылы Қазақстанда зейнетақы есептеу шарттары өзгертіледі

Зейнетақы көлемін анықтау кезінде еңбек өтілінің ұзақтығы негізгі фактор болмақ. Жаңа ережелер 2017 жылдың шілдесінен бастап әрекет ете бастайды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

Оның айтуынша, зейнетақы үш компонентті ескеру арқылы есептелінеді. Олар мемлекет тарапынан берілетін базалық зейнетақы, жұмыс беруші есебінен алынатын шартты-жинақтаушы бөлік және азаматтардың өздерінің жеке 10-пайыздық жарналары. Бұл құрылымы "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның жобасында келтірілген. Аударымдар 10 жылдан кем уақыт жүргізілсе, базалық зейнетақы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 50%-на тең болады. Жұмыс істеген әрбір жыл үшін бұл цифраны 2%-ға арттырып отыру жоспарлануда. Еңбек өтілі 20 және 35 жыл болған жағдайда зейнетақы сәйкесінше күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 70% немесе 100%-ын қамтиды. "Еңбек өтілі 40 жыл зейнеткер бүгінгі таңда 11 мың теңге алады. Еңбек өтілі 10 жылға тең адам да дәл осындай базалық зейнетақыны алады. Олардың арасында бірдей зейнетақы болмас үшін біз енді еңбек өтілінен тәуелділікті енгіздік. Егер жаңа ережелер бүгінгі күннен бастап өз күшіне енсе, 40 жыл еңбек өтілі бар адам 21 мың теңге, яни екі есе артық сома алуы тиіс болар еді", - деп мәлімдеді Т.Дүйсенова. Ақпарат көзі: "Хабар" арнасы

Похожие материалы