Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Төлем жүйелері арқылы жасалатын төлем көлемі 643,4 трлн теңгені құрады

Төлем жүйелері арқылы жасалатын төлем көлемі 643,4 трлн теңгені құрады

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі) (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) арқылы 643,4 трлн теңге сомаға 26,4 млн транзакция жүргізілді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық Банкі.

2016 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда төлем жүйелері арқылы өңделген төлемдердің сомасы 49,2 пайызға (212,1 трлн теңгеге) өсті. Аталған деректер Қазақстан Ұлттық Банкінің «Төлем жүйелерін қадағалаудың (оверсайттың) және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын дамыту нәтижелерін шолуда» келтіріледі.

Аталған төлем жүйелерінің қатысушылары ретінде бірінші кезекте Қазақстан Республикасының банктері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар танылады.

Төлем жүйелерінің үздіксіз жұмысының (жұмыс қабілеттілігінің) коэффициенті банкаралық төлем жүйелерін тиімді дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жалпы қабылданған нормаларға қарай, 99 пайыздан жоғары көрсеткіш елдегі жұмыс істейтін жүйелердің жоғары тиімділігін сипаттайды. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте БКЖ-да жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 100 пайыз болды, бұл ретте БААЖ-да жұмысқа қабілеттілік коэффициенті 99,99 пайыз болды.

Талдау жасалып отырған кезеңде аталған жүйе арқылы бір секундта 10-нан 30-ға дейінгі төлем хабарларының өңделуі де БААЖ жұмысының тиімділігін білдіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі және төлем жүйелерінің операциялық орталығы («Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК) төлем жүйелерінің бағдарламалық техникалық кешенінің жұмысын қолдау, оның ішінде резервтік орталық арқылы үздіксіз режимде қолдау бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп отыр.

Похожие материалы