Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы бензин бағасы қалай өзгереді?

2017 жылы бензин бағасы қалай өзгереді?

Осы жылы АИ-92 маркалы бензиннің бағасы құбылмады болды. Алматының кейбір жанармай бекеттерінде бензиннің литрі 140 теңгеге дейін қымбаттады. Сарапшылардың сөзінше, баға ары қарай да өсе беруі мүмкін. Әсіресе нарықтағы қымбатшылық 2017 жылы байқалатын болады. Аталған марканың құны қаншаға көтерілетіні туралы сарапшылар болжам жасап көрді.

Жанармай бекеттеріндегі баға

АИ-92-нің ең арзан бағасы (22 желтоқсан, 2016 жыл) "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай бекетінде. Компания сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, баға 133 теңге. Sinooil бекетінде 134 теңге, Helios сайтында АИ-92 бағасы жазылмаған. Royal Petrol-дағы жанармай құны - 135 теңге.

Бензинге сұраныс арта береді

«2017 жылы Қазақстанда осы жылға қарағанда бензин қымбат болады деп ойлаймын. Ресейлік бензиндер акциздердің қымбаттауына байланысты 10-12%-ға қымбаттайды. Ал біздің баға ресейлік нарыққа байланысты өзгереді», — деді мұнайгаз саласындағы сарапшылардың бірі Сергей Смирнов. Оның сөзінше, жанар-жағармай бағасының өсімін Ресейде көрсетілген бағалармен салыстыру керек. Егер оларда қымбат болса бізде де 10-12%-ға қымбат болады. Сондай-ақ, Сергей Смирнов АИ-92 бағасына әсер ететін факторлардың бірі ретінде Қазақстан нарығындағы бензин тапшылығын атап өтті. Жанармай аз болғандықтан жанармай құны ресейлік бағаға тәуелді болады. «Мен мұнай өндіруші зауыттар жаңартылғаннан кейін өндіріс 18,5 млн тонна болмайтыны туралы энергетика министрінің мәлімдемесін оқыдым. Меніңше, бұл көлем 15,5 млн тонна болады. Министрлік осы көлем бізге жеткілікті дегенді айтады, алайда тәжірибе жүзінде бәрі басқаша. Яғни тапшылық сақтала береді», — деді сарапшы. Оның түсіндіруінше, Қазақстан қазіргі уақытта тапшылық салдарынан миллион тоннадан аса бензинді Ресейден тасымалдап жатыр. Ал 2018 жылы да, басқа да уақытта автокөліктер көбейе береді. Қайта өңдеуден өндіріс тек 1 млн тоннаға ғана артады. Бұл автокөліктер көбейіп, сұраныс артатындықтан жеткіліксіз болады. Ал әлемдік нарықтағы мұнай бағасынының қымбаттауы ешбір әсер етпейді. Баға бәрібір ресейлік бағаға байланысты болады.

Министр айтқан себептер

Ал қараша айының басында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 маркалы бензиннің неліктен қымбаттап кеткенін түсіндірген болатын. Оның сөзінше, биыл жаңғырту жұмыстарына байланысты «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (Шымкент МӨЗ) жоспарлы күрделі жөндеуге шықты. «Мұнда технологиялық үдеріске тікелей қатысты қондырғылар жаңғыртылуда», – деген еді Қ.Бозымбаев. Министр екінші себеп ретінде Павлодар МХЗ-да да жөндеу жұмыстары басталғанын, себебі үш апта бұрын технологиялық бұзушылықтар анықталғанын айтқан. Осының салдарынан ПМХЗ-да ашық түсті мұнай өнімдері 4−5%-ға қысқарып, ішкі нарыққа жеткізу азайған. Нәтижесінде Ресейдің қымбат  АИ-92 бензині қазақстандық өнімді қысымға ұшыратты. «Сондықтан кез келген трейдер бағаға әсер етеді және ол көтеріледі», — деген Энергетика министрі.

Бағаның өсімі туралы ақпараттың ашық болуы маңызды

«Нарықтың біртіндеп реттелуіне байланысты бензиннің қымбаттауы заңды. Егер мемлекет бағаны реттеуден кейін АИ-92 бағасы қымбаттағанын ескерсек, 2017 жылы 150 теңгеге дейін жоғарылауы мүмкін», — дейді мұнайгаз сарапшысы Камилла Манакова. Оның сөзінше, баға қандай жағдай болмасын қымбаттайтын болса, ол туралы ақпарат ашық болу керек. "Осы мақсатта тау-кен компаниялар мен мұнай өңдеу зауыттарының арасында делдалдарды қысқарту туралы нормаға қол қойылды. Алайда бағаға қатысты ақпараттың ашық болуы үшін жұмыс істеу керек", - дейді сарапшы. Камилла Манакованың айтуынша, жанармай нарығындағы либералдандыру бензин тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ, оның пікірінше, егер жыл сайын мұнай өндіретін зауыттар техникалық ақауларға байланысты жабыла берсе тапшылық салдары жоғары болады. Дереккөз: kapital.kz

Похожие материалы