Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы ЕАЭО елдерімен Қазақстанның сауда айналымы 25,9 пайызға артты

2017 жылы ЕАЭО елдерімен Қазақстанның сауда айналымы 25,9 пайызға артты

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Алдын ала дерек бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен жасаған өзара сауда көлемі 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 17 359,6 млн долларды құраған. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25,9 пайызға артық, деп хабарлайды Статистика комитеті.

ЕАЭО елдерімен экспорт көлемі есептік кезеңде 5118,3 млн долларды құраған (былтырғыдан 30,2 пайызға жоғары), импорт көлемі - 12 241,3 млн доллар (+24,1 пайыз) болды. Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,1 пайыз, Қырғызстан Республикасына - 4,4 пайыз, Беларусь Республикасына - 3,5 пайыз келеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы