Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Германиядан Қазақстанға 204 мың тонна жүк тасымалданған

2017 жылы Германиядан Қазақстанға 204 мың тонна жүк тасымалданған
Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz - Бонн қаласында Халықаралық автокөлік тасымалы мәселелеріне арналған Қазақстан-Германия аралас комиссиясының отырысы өтті. Тараптар автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алдағы жылға рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгіледі.
2017 жылдың қаңтар-қыркүйек арасындағы қорытынды бойынша екі елдің тасымал көлемі 166 мың тоннадан 204 мың тоннаға дейін артқан. Германиядан Қазақстан негізгі тасымалданатын жүктер - көліктер, механизмдер мен жабдықтар, өсімдік өнімдері, химиялық өндіріс өнімдері жатады. Тараптар 2018 жылы екі жақты тасымалдарға және транзиттік жүріп өтуге арналған алдын ала рұқсаттама құжаттармен алмасуды қазақстандықтар үшін 12 250 дана көлемінде, ал германиялықтарға 6 мың дана көлемінде белгілеу жөнінде келісті. Үшінші елдерден/елдерге рұқсаттама құжаттарын екі тарапқа 1000 дана көлемінде берілетін болып келісілді.

Похожие материалы