Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz - 2017 жылы Интернет-жарнама нарығы 4,5 млрд теңгені құрады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 22%-ға, 5,5 млрд теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды LS.
2012 жылмен салыстырғанда нарық 4,3 есеге (1 млрд теңгеден) өсті. Негізгі драйвер 12,3 есе (159 млн теңгеден 1,9 млрд теңгеге дейін) өсті.
Қазақстандағы Admixer филиалының өкілі Юрий Ефремовтың айтуынша, былтыр Display-ге (графикалық жарнама) 1,8 млрд теңге, PPC-ге (pay per click – ағылшыннан клик үшін төлем) 1,9 млрд 726 млн теңге жұмсалған.
«Интернеттегі жарнама 2008 жылдан бері дамып келеді. Сонымен қатар, желідегі жарнама теледидармен бәсекелес. Ал, басып шығару көлемі төмендеп жатыр. Сонымен қатар, мобильдік құрылғылар арқылы трафик desktop-тың қоданылуын арттырды. Осылайша, Ресейде 2017 жылдың үшінші тоқсанында мобильді тұтыну 80%, ал desktop - 73%-ды құрады. Қазақстан мен ТМД-ның өзге елдерінде жағдай ұқсас», - деді Ефремов.
Оның айтуынша, тәуелсіз сарапшылар Қазақстандағы мобильді аудиторияны әлі өлшемегенімен, компания өз деректеріне сүйенеді. Сондықтан, толық көрініс әлі қалыптаспады. Десе де, смартфондар мен планшеттер арқылы трафиктің өсу үрдісі халықаралық ауқымды қамтиды.