Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Ұлттық қордың түсімі 80 пайызға қысқарды

2017 жылы Ұлттық қордың түсімі 80 пайызға қысқарды

Алматы. 28 шілде. 7kun.kz - 2017 жылы Ұлттық қордың түсімі 80 пайызға қысқарды. Қорға қысым түсірген 784 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық шығын. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, мұнай секторындағы кәсіпорындар Ұлттық қорға 1,02 трлн теңге салық төледі. Бұл өткен жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 74 пайызға көп.

Алайда, жалпы түсім сомасы тек 269 млрд теңгені құрады. Оған себеп - 784 млрд теңге инвестициялық шығын. Нәтижесінде 2016 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда Ұлттық қордың жалпы түсімі 80 пайызға қысқарды.

Салық түсімдерінің ішінде пайдалы қазбалардан түскен салық 474,2 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен қарағанда екі есе көп.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың І жартыжылдықтағы есебіне сәйкес, тау-кен өндірісі 9,4 пайызға өскен. Ал табиғи газ өндірісі 10,5 пайызға артты.

Мемлекеттің халықаралық резерві жарты жылда 2 пайызға өсіп, 92,4 млрд долларды көрсетті. Ал шетел валютасындағы Ұлттық қор активтері 2017 жылдың басынан бері 1,5 пайызға өсіп, 62,1 млрд долларды құрады. Бірақ өткен аймен салыстырғанда 884 млн долларға азайған.

Похожие материалы