2017 жылы ОҚО-да ауыл шаруашылықтағы жалпы өнім көлемі 522,4 млрд теңгені құрады
10 мая, 2018
Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында айтылды деп хабарлайды ОҚО әкімшілігінің баспасөз қызметі. Жиында алғашқы болып сөз алған Өмірзақ Шөкеев Қазақстанның географиялық орналасу ерекшеліктеріне қарай мелиорациялау мәселесі бірінші кезекте оңтүстік өңірлердеөзекті екендігін жеткізді.«2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптің кешенді дамыту бағдарламасында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу үшін жер және су ресурстарын пайдалануды арттыру мақсатында түрлі шаралар кешенін ұсынды. Атап айтқанда, гидрология, топырақ және агроклиматтық жағдайларын жақсарту», - деді министр.Сонымен қатар, мәжілісте мелиорация жүйесінің мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылуы жәнеЕлбасының тапсырмасы аясында ирригация жүйесін қалпына келтіру және 600 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу бойынша өңірде алдағы уақытта атқарылатын шаралар сөз болды.Облыс әкімі Түймебаев аймақтағы суармалы жерлер көлемі ұлғайтылып, жаңа бағыттағы жобалар бойынша дамытылып жатқандығын жеткізді. Айталық, өңірде өткен жылы 570,4 мың гектар суармалы жердің 498,2 мың гектары пайдаланылған.Сондай-ақ, былтыр өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 522,4 млрд теңгені құрады. Жиында шегіртке зиянкестерімен күресу жұмыстары талқыланды. Үйірлі шегірткеге қарсы жұмыстар оңтүстік өңірлерде ағымдағы жылдың 10 сәуірінен басталған. Оңтүстік Қазақстан облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес шаралары бойынша жоспарланған аумақтың 1/3 бөлігі өңделген. Өңірде биыл үйірлі шегірткелерге қарсы зерттеу жұмыстары1 млн 573 мың гектар аумаққа жүргізілсе, химиялық өңдеу іс-шаралары 350 мың гектарға жасалған.