Астана. 27 мамыр. 7 kun.kz - 2017 жылы 54 мемлекет үшін Қазақстанда визасыз режим орнатылады. Бұл жөнінде Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің 29-отырысы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазақстанда Экономикалық серіктестік және даму ұйымы стандарттарын енгізуге бағытталған бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Осы орайда Қазақстанның барлық аймақтарында инвесторларға бір терезе принципі бойынша қызмет көрсететін секторлар ашылды. Инвесторлар тарту сұрақтары бойынша үкіметтің аймақтық кеңестері құрылды. Егер 2015 жылы визасыз режим енгізілген елдер саны 35 болса, 2017 жылы 54 елге көбейтіледі», - дейді президент.