Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы шетелдік фильмдер Қазақстан прокатында 16,2 млрд теңге табыс тапқан

2017 жылы шетелдік фильмдер Қазақстан прокатында 16,2 млрд теңге табыс тапқан

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - 2017 жылы Қазақстанда көрсетілген шетелдік фильмдердің прокатынан 16,2 млрд теңге көлемінде табыс түскен деп жазады lsm.kz.

Сондай-ақ, бір жылдың ішінде Қазақстандағы кинотеатрлардың саны 18 пайызға өскен. Ал қазақстандық филмьдердің прокаты 2,3 млрд теңге алып келген.

2017 жылы кинотеатрларда 685 мың рет киносеанс ұйымдастырылған. Кинотеатрға келген адамдардың саны 17,6 млн адамға жетті. Жалпы түсім 18,5 млрд теңге болды.

Сұранысқа ие әрі кинотеатрларда жиі көрсетілетін фильмдер АҚШ-қа тиеселі. Голливуд фильмдерін 10,9 млн рет көрсетсе, қазақстандық фильмдер бір жылда 2,2 млн рет қойылған.

Похожие материалы