Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы шығарылған ең қымбат автокөліктер

2017 жылы шығарылған ең қымбат автокөліктер

Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz – Автосарапшылар 2017 жылы  шығарылған ең қымбат автокөліктердің бестігін атады. Бұл туралы Vestifinanse.ru хабарлады.

Мерседес әлемдегі ең қымбат жол талғамайтын көлік шығарды. G650 Landaulet-тің бағасы – 666 400 доллар. Бұл автокөлік наурыз айында шығарылды. Ол элиталы Maybach сериясына жатады.

Екінші орында Lamborghini Aventador S. Бағасы – 421 мың 350 доллар. 12 цилиндрлі қозғалтқышының көлемі 6,5 литр.

Ferrari 812 Superfast автокөлігі алғашқы үштікте. Оның құны – 320 мың доллар. Автокөлік қуаттылығы 800 аттың күшіне тең.

Төртінші орында Rolls-Royce Ghost автокөлігі. Бағасы – 300 мың доллар. Rolls-Royce Женева автокөрмесінде бриллиантпен өңделген автокөліктерін ұсынды. Алайда көлікке брилиант қаптау жұмыстарына қанша қаражат жұмсағанын айтпады. Жалпы машинаның бағасы 300 мың доллардан басталады.

McLaren 720S көлігі бестікті аяқтайды. Оның құны 290 мың доллар. Моторы 4 литрлі V8.

Похожие материалы