Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы БЖЗҚ-ға 1,1 трлн теңге түскен

2017 жылы БЖЗҚ-ға 1,1 трлн теңге түскен
Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Жыл басынан бері зейнетақы жинағы 13,4 пайызға өсті деп хабарлайды Ranking.kz.
2017 жылдағы зейнетақы жинағына 896,6 млрд теңге түсіп, жалпы сомасы 7,6 трлн теңгеге жетті. Ал соңғы бір айда жинақ көлемі 0,6 пайызға, яғни, 43,3 млрд теңгеге өскен. 2017 жылдағы ең ірі өсім тамыз айында байқалды. Жаздың соңғы айындағы өсім көлемі 2,1 пайзды көрсетті. БЖЗҚ-ға соңғы 10 айда 1,1 трлн теңге түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға көп. Зейнетақы жинағына түскен қаржының 97 пайызы міндетті жарнама мен инвестициялық табыстан түскен. 2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында міндетті жарна есебіне 584,8 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48,7 пайызға көп.  

Похожие материалы