2018 жылдан бастап автобусқа бір рет ақы төлеп, екінші рет тегін отыра аласыз
Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - Келесі жылдан бастап алматылық жолаушылар қоғамдық көлікте бір рет ақы төлеп, екінші автобусқа тегін отыра алады. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді.
Оның сөзінше, қоғамдық көліктерге енгізіліп жатқан өзгерістер кезең-кезеңмен жүзеге асады. Жолаушы бір рет ақы төлегеннен кейін, 60 немесе 90 минут ішінде келесі көліктерде тегін жүре алады. Одан бөлек, келер жылы төлем түрлері көбейеді. Нәтижесінде шалғайға қатынайтын автобустар электронды төлем жүйесіне ауысады.
«Бұл тарифті әртараптандыру бізге осындай мүмкіндіктер береді. Біздің алматы қаласындағы транспорттық жүйеде жасап жатқан реформаларымыздың ары қарай дамуына септігі үлкен болады деп сенеміз. Біз әртапаптандыруды заңдастыру үшін бір жылдай уақыт жүрдік. Бұл парламентте, қаншама комиссиядан өттік. Ол жақта да бәрін түсіндірдік.»,- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.
Еске салсақ, Бұған дейін Алматыда 1 тамыздан бастап автобуста қолма-қол төлем 150 теңге болатынын хабарлағанбыз.