Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылдан бастап «Даму» қорына сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін онлайн өтінім беруге болады

2018 жылдан бастап «Даму» қорына сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін онлайн өтінім беруге болады
Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz - Кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда Қордың кепілдігін алуға мүмкіндік беретін қызметті автоматтандыру туралы шешім қабылданған 2016 жылдан бері «электронды үкіметтің» www.egov.kz  порталына  561 өтінім түсіп, оның 493-і мақұлданған деп хабарлайы қордың баспасөз қызметі. 
Қазір қарауда 68 өтінім жатыр. Осы уақыт аралығында «Даму» Қоры 2000 кепілдік берген. Яғни, кепілдік сұраған онлайн-өтінімдер үлесі 25 пайызды құрады. Кепілдік арқылы қолдау алған несие қоржынының сомасы 16,2 млрд теңгені құрады. Ал кепілдіктің құны 5 млрд теңгеге жетті. Екінші деңгейлі банктер арасында көш бастап тұрған «Қазақстан халық банкі» АҚ - 147, «Сбербанк» АҚ ЕБ – 124 және «ЦентрКредит Банк» АҚ - 112 жобаны қаржыландырған. Бұл жағынан ең белсенді өңірлер қатарында Ақтөбе облысы - 87, Атырау - 70 және Қостанай облысы – 55 жоба ұсынған.   «Даму» Қорының кепілдігі – электронды үкіметтің платформасына енгізілген тұңғыш қаржылық құрал. Бұл арқылы кәсіпкерлер бизнес ашуға, кәсібін дамытуға кепілзаты жетпеген жағдайда мүмкіндік алады. Ал онлайн-жүйе кәсіпкердің уақытын үнемдейді. 180 млн теңгеге дейінгі несиеге кепілдік сұраушылар қызметке egov.kz порталы қол жеткізе алады. Ол үшін тек порталға тіркеліп, өтінімді толтырып, банктің оң шешім шығарған хатының электронды нұсқасын қыстырып, электронды санды қолын қою керек. Жеке кабинеті арқылы өтінім қарау қай кезеңде екенін қадағалап отыруға болады. 2018 жылдан бастап кәсіпкерлер «Даму» Қорынан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін де онлайн өтінім бере алады.

Похожие материалы