Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылдың қорытындысы: Қашағандағы өндіріс көлемі 1,6 есе немесе 13,2 млн тоннаға өсті

2018 жылдың қорытындысы: Қашағандағы өндіріс көлемі 1,6 есе немесе 13,2 млн тоннаға өсті

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру 2018 жылдың қорытындысы бойынша 13,2 млн тоннаны құрады, - деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

2017 жылы Қашағанда 8,35 млн тонна мұнай өндірілді. Осылайша, өндіріс 1,6 есеге артты.

«Қашаған кен орнындағы жоспар 120%-ға орындалды: өндірісті тұрақтандыру есебінен өндіріс көлемі 13 млн. 220 мың тоннаны құрады, жоспар 11 млн тоннаны құрады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, Теңіздегі өндіріс 0,3% -ға, 28,6 млн тоннаға дейін төмендеді, Қарашығанақта ол 1,7%-дан 12,2 млн тоннаға дейін өсті.

Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы алғашқы теңіз мұнай-газ кен орны, сондай-ақ елдегі ірі халықаралық инвестициялық жоба. Кен орнында коммерциялық өндіру 2016 жылдың 1 қарашасында басталды.

Похожие материалы