Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 4,1%-ды құрады, - деп мәлімдеді Қазақстан вице-премьері Ерболат Досаев.
Оның ақпаратынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі жыл қорытындысы бойынша 4,1%-ды құраған. Бұл өсімнің 75%-і шикізаттық емес секторлар есебінен қамтамасыз етілді.
Сәуір айында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға түзетулер енгізілді, 2018 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,8% деңгейінде жоспарланған.
2017 жылы Қазақстанның ЖІӨ 4%-ға өсті.