Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы 226 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды

2018 жылы 226 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 226 мың аз қамтылған азаматқа берілді. Олардың ішінде 43 мыңдай азамат шартсыз, ал 183,5 мың азамат шартты ақшалай көмек алды деп хабарлайды Еңбек және халықты қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап шартты және әлеуметтік келісім шартқа негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді.

Жаңа форматағы атаулы әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің бар екендігін ескере отырып, шартты және шартсыз ақшалай көмек күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен табысы бар отбасыларға беріледі және олар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатысады.

Сонымен қатар, АӘК -тің орындалуы нәтижелері бойынша бірқатар өңірлерде мемлекеттік қолдаудың арқасында азаматтар өздерінің жеке істерін ашты. Мәселен, Актөбе, Алматы, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қысқа мерзімді оқудан өткен әйел азаматтар отбасыларының тұрақты табысына айналып отырған өздерінің жеке тігін шеберханаларын ашты.

Похожие материалы