2018 жылы 40 мыңдай жұмысшының жұмысы заңдастырылды
14 января, 2019
Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы заңсыз еңбек қатынастары көбірек байқалған экономика салалары бойынша (ауыл шаруашылық, сауда, қоғамдық тамақтану және тағы басқа) «Еңбек келісім-шартын жасаңыз» акциясы өтті.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 10 мыңға жуық жұмыс беруші өз қызметкерлерімен еңбек қатынасын заңдастырды. Бұл орайда 37,9 мың еңбек келісім-шарты жасалды.Қолға алынған шаралар республика кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтуға мүмкіндік берді.2019 жылы Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендету үшін (жазатайым оқиғаның коэффиценті 1000 адамға санағанда 0,27% дейін) өндірісте жарақаттануды және зиянды жұмыс жағдайларын төмендету бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Кешенді жол картасы қабылданатын болады. Бұл «Еңбекті қорғау жылы» аясында қолға алынып отырған шара.Еңбек жанжалдарын болдырмау үшін ҚР Үкіметі бекіткен әлеуметтік-еңбек жанжалдары бойынша ескерту және рұқсат беру Кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында қосымша құралдар әзірленетін болады; ҚР Президентінің тапсырмасын орындауда ең төменгі жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүргізіледі.ҚР заңдарының сақталуы бойынша еліміздегі барлық кәсіпорындарда профилактикалық бақылау жүргізу енгізілді. Сондай-ақ Еңбек қатынастарын реттеу саласында, электронды еңбек келісім-шарттарын қоса алғанда цифрландыру бойынша Жол картасы жүзеге асырылды.