Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 3,5 пайызға өседі

2018 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 3,5 пайызға өседі

Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz - Еуразиялық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) 2018 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 3,5 пайызға өседі деген болжам жасады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, 2017 жылы Қазақстан экономикасы 1 пайызға өсіп, 2,4 пайызды құрағанын айтты.

«Қазақстан экономикасы сыртқы факторлардан әлсіреген еді. Қазір жақсы деңгейде қалпына келіп жатыр. Реформаға байланысты ары қарай өсудің базасын құрды. Енді "Бір белдеу, бір жол" бастамасы бойынша әлем елдерімен сауда-саттық байланысты нығайтып, транспорттық мәселелер шешілсе, Қазақстан экономикасы одан ары күшейеді», – деді Қазақстандағы Еуропа қайта құру және даму банкінің директоры Агрис Прейманис Кипрдегі ЕҚҚДБ кезекті отырсында.

Оның айтуынша, алда тұрған тағы бір міндет құрылымдық реформаларды жалғастыру. Соның арқасында, республика сыртқы экономикалық жағдайлар мен транспорттық және т.б. байланыстардың жақсаруын өз мүддесіне толығымен пайдалана алады.

ЕҚҚДБ соңғы баяндамасына сәйкес, осы жылы және 2018 жылы банк жұмыс істейтін барлық аймақта экономикалық өсім жаңартылады. Оған себеп мұнай бағасының көтерілуі мен Ресейдің экономикалық құлдырау жағдайынан шығуы.

Болжам бойынша, ЕҚҚДБ жұмыс істейтін 36 елде экономикалық өсім 2017 жылы орта есеппен 2,4-2,8 пайызды құрайды. Ал 2018 жылы 2016 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 пайызға өседі.

Похожие материалы