Экономика
2018 жылы экспаттардың тұрмысы үшін ең қымбат қала Гонконг болды
Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - Штелдік мамандардың түрлі қалаларда өмір сүруі үшін қанша қаражат жұмсайтынын зерттейтін Mercer аналитикалық компаниясы 2018 жылдың ең қымбат қалалар тізімін жариялады. Бұл тізімді Mercer экспаттардың тұрғын үй, жол, азық-түлік, киім, тұрмыстық тауарлады ескере отырып жасады.
Рейтингті азиялық мегаполистер бастады: бірінші орында - Гонконг, екінші - Токио, өмір сүру үшін ең қымбат қалалардың үштігіне еуропалық Цюрих қаласы да кірді. Тағы бір швейцарлық қала алғашқы ондыққа енді: оныншы орында Берн.
Экспаттар үшін америкалық ең қымбат қала Нью-Йорк, ол тізімнің 13-орнында. Ал ресейлік Мәскеу рейтингтің 17-орынын иеленген. Онымен қоса, Ресейдің Санкт-Петербург қадасы да 49 болып тізімге кірді.
Эспаттардың тұрмыс құны үшін ең арзан қала Ташкент болды.
Mercer сарапшылары рейтинг құруда барлығы 209 қаланы зерттеді.
ТОП-10 қала тізімі:
- Гонконг (Гонконгтың арнайы әкімшілік аймағы).
- Токио (Жапония).
- Цюрих (Швейцария).
- Сингапур.
- Сеул (Оңтүстік Корея).
- Луанда (Ангола).
- Шанхай (Қытай).
- Нджамена (Чад).
- Пекин (Қытай).
- Берн (Швейцария).
2017 жылы рейтинг тізімі өзгеше боды. Бірінші орныда азық-түлік пен қауіпсіздігінің қымбатшылығына байланысты Анголаның астанасы Луанда иеленді. 2018 жылы ол алтыншы орынға түсті. Өткен жылы екінші орында - Гонконг, үшінші - Токио, Нью-Йорк тоғызыншы болды. Ал Мәскеу мен Санкт-Петербург жоғарырақ орналасқан еді (13 және 35 орындарда).