Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы еңбек нарығындағы жағдай қандай болды

2018 жылы еңбек нарығындағы жағдай қандай болды

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,7 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,6% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,5 (4,5 млн адам) – ерлер, 48,5% (4,2 млн адам) – әйелдер. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

2018 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,6 млн адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 76% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің, яғни жалданылмай жұмыспен қамтылғандардың саны 2,1 млн адамды немесе 24% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,7% (2017 жылы – 89,6%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,3% (2017 жылы – 10,4%) құрады.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі 45,5%, әйелдердің үлесі –54,5%.

15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8% құрады.

Похожие материалы