Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы мұнай өндіру жоспардан асып түсуі мүмкін - Бозымбаев

2018 жылы мұнай өндіру жоспардан асып түсуі мүмкін - Бозымбаев

Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың соңында мұнай өндіру жоспарланған көлемнен әлдеқайда көп болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, 2017 жылы Қашаған кен орнын өнеркәсіптік игеру бойынша өндіріс көлемі жылына 86,2 млн тоннаға дейін артты.

«Осылайша, елдің жылдық өндіріс деңгейі жаңа деңгейге көтерілді. 2018 жылы мұнай өндіру 87 млн тоннаға дейін жетеді деп күтіледі. Бұл біздің алдын-ала болжамымы ғана. Бірақ, нәтижесінде одан әлдеқайда көп болады деп ойлаймын. Соның ішінде, Қашаған кен орнында 11 млн тонна мұнай өндіріледі деп күтіледі, ал 2019 жылы тәулігіне 370 мың баррельге дейін, 2024 жылға қарай өнім тәулігіне 450 мың баррельге жетуі мүмкін», - деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Теңіз кен орнында 30 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істеп жатыр. Жобаға салынған инвестиция 38 млрд долларға жетті. Екі жылда нақты даму 11 млрд долларды құрады. 2018 жылы даму жоспары 7 млрд доллардан асады.

Қарашығанақтың болашақ даму жоспарына сәйкес, қазіргі кездегі өндіріс деңгейін ұстап тұру бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл газ қондырғыларын жаңғырту, төртінші компрессордың құрылысы және бесінші құбыр желісінің құрылысы. Осы жобаларды іске асыру 2020 жылы басталады. Ол уақытта инвестициялар 1,5 млрд АҚШ долларынан асатын болады.

Бозымбаев ірі жобалар елдің экономикалық өсуіне елеулі үлес қосатынына сенеді. Орта мерзімді перспективада мұнай өндіру көлемі жыл сайын өсіп, 2025 жылға қарай жылына 104 млн тоннадан асады.

Похожие материалы