Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы Қазақстанда ішкі туризм 7%-ға артты

2018 жылы Қазақстанда ішкі туризм 7%-ға артты

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылы 4,7 млн ішкі туристер тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық, - деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ресми статистика бойынша өткен жылы елімізде 4,7 млн ішкі турист белгіленген, бұл алдыңғы жылғыдан 7%-ға жоғары. Оның өзінде бұл қонақ үйлерге тоқтаған қонақтар туралы деректер, олардың басым бөлігі — іскерлік мақсатпен келушілер (іссапарға шығушылар). Ішкі туристердің үлкен сегменті — VFR сегменті деп аталады (достар мен туысқандарға бару – visiting friends and relatives), олар жалдамалы баспаналарды таңдайды немесе туысқандарының үйінде тұрақтайды.

Қазақстандықтар сауықтыру және жағажай туризмін таңдайды. Жаз уақытында көпшілік Алакөл, Балқаш көлдерінің, Каспий теңізінің жағалауларына, Бурабай курорттық аймағына барады. Статистика бойынша, өткен жылы еліміздің курорттық аймақтарында 1 млн-нан астам қазақстандық тұрақтаған.

Сонымен қатар тағы бір белсенді сегмент — тарихи-мәдени және діни туризм, әсіресе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. Қазақстандықтар әулие нысандарды, ұлы тұлғалар өмір сүрген жерлерді, киелі орындарды, кесенелер, ғибадатханалар мен басқа да мәдени, тарихи мұра ескерткіштерін, сондай-ақ киелі таулар, үңгірлер, көне қалалар мен басқа да нысандарды аралайды. 

Саяхаттау мен спортсүйер туристер саны белсенді түрде артып келеді. Түрлі веложарыстар, марафондар және басқа да спорттық шаралар Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушыны тарта бастады. Жақсы дамып келе жатқан жаяу сапарлар, альпиниадалар және т.б. атап өтуге болады.

Бұған қоса, халық арасында демалыс күндері саяхаттау да жақсы танылып келеді. Бұндай турлар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының төңірегінде айтарлықтай жақсы дамыған. Аталған турлардың өзегі — еліміздің ұлттық табиғи парктері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) бару көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. 2018 жылы ұлттық парктерге барушылар саны 1 234 362 адамды құрады (2010 жылы – 538 001 адам). 

Похожие материалы