2018 жылы ҚазТрансГаз-дың табысы 1 трлн теңгеден асты
17 января, 2019
Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ-ның шоғырландырылған табысы 1 трлн 061 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылға қарағанда 398,9 млрд теңгеге немесе 60%-ға артық.
Ұлттық оператор құрамындағы компаниялар тобының салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған пайдасы 201 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 102 млрд теңгеге көп.Алынған пайда Ұлттық операторға ішкі нарықтағы газ бағасының өсіп кетпеуін тежеп тұруға және қазақстандық газ тұтынушыларын субсидиялауға (ішкі нарыққа газ сатудан келген шығын 2018 жылы 36 млрд теңгені құрады), сондай-ақ 573 млрд теңге мөлшеріндегі кредиттік портфельге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.2018 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ бюджетке 99,5 млрд теңгеден астам салық төледі. Осылайша, еліміздегі ең ірі салық төлеуші компаниялар қатарына кірді.Айта кетейік, есептік кезеңде газ өткізу көлемі 22,9 млрд текше метрді, ал магистральдық тасымалдау көлемі 111,9 млрд текше метрді құрады.