Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы шет тілін үйренемін дегендерге кеңес

2018 жылы шет тілін үйренемін дегендерге кеңес

Сіз жыл сайын «ағылшын тілін қолға алуды, француз тілін еске түсіруді, жақсартуды (бұл жерге арманыңыздағы шет тілін қойыңыз) тілейсіз. Неліктен орындалмай жатыр? Қанекей, өнімді үйренуге көмек беретін чек-парағына көз жүгіртейік.  

  1. Дұрыс жоспар құрамызЖазбаша

Бәрі оңай әрі түсінікті сияқты: шет тілін қолға ал да оқы. Мұның мәнісі неде? Жұмыс үшін бе, саяхатқа ма, әлде ел алдына шығып сөйлеу үшін бе немесе оқуға ма, тілдің қай түрі қажет? Сізге слэнг немесе арнайы терминология  қажет пе? Сіз енді мектепте оқымайтыныңызды ұмытпаңыз, яғни өзіңіздің үйрену бағдарламаңызды құруыңызға болады. Дұрыс мақсат қойыңыз, мысалға SMART принципі бойынша: 

Нені жаттықтырғыңыз келеді? Мысалға, speaking skills— ауыз екі сөйлеуді алайық? 

  • Specific: Мен шетелдіктермен мына тақырыптар бойынша сөйлесемін ... (өз тақырыптарыңызды тізіп шығыңыз, егер сіз суретші болсаңыз және әріптестеріңізбен сөйлескіңіз келсе, квантты физиканың сөздерін жаттаудың қажеті жоқ).
  • Measurable: Әңгімелесіп үйрену үшін, аптаның әр күнінде 5 минут болсын сол тілде сөйлеймін (әндерді, жаңылтпаштарды, мәтіндерді немесе өлеңдерді дауыстап оқимын) және аптасына екі рет шетелдікпен немесе мұғаліммен сөйлесемін. 
  • Achievable: Аптасына 7 рет 5 минуттан – жүзеге асатындай, аптасына 2 рет мұғаліммен немесе шетелдікпен, ол да achievable. 
  • Relevant: Тіліңізді жақсарту үшін үнемі саяхаттайсыз және шетелдіктермен сөйлесуіңіз де әбден мүмкін. Сондықтан сіз мақсатыңыз үшін керектіні жасап жатырсыз. Бар назарыңызды грамматикаға аудармай сөйлесіңіз.   
  • Time bound: Аптасына 7 рет 5 минут және аптасына 2 рет шетелдікпен немесе мұғаліммен схемасы бойынша мен 1 наурызға дейін 150 рет жаттығамын. 

Бұл шамамен, долбарлап айтқанда. Бірақ, сіз ыңғайыңызға қарай икемдеп алуыңызға болады. Бастысы – жазыңыз. 

Егер әрекетіңіздің нақты жоспары болмаса, «тіл үйрену» арманыңыз баянсыз арман боп қала бермек. 

Бұл пунктке көмектесетін кітап: «Жеделден маңыздыға». (Осы және қалған сілтемедегі кітаптар орыс тілінде – ред.). 

  1. Өзімізге ұнайтын нәрсе туралы ойлаймыз

London is the capital of Great Britain туралы іш пыстыратын сабақтар есіңізде ме? Қандай Лондон? Қандай Британия? Ол қайда және кім? Біз үшін айырмашылығы қандай?.. Қызық емес. Сізге ұнайтын нәрсемен байланыстырып, тіл сабағын жағымды етіңіз.  Хоббиіңізге орай шетелдік ресурстарды тауып, шет тіліндегі онлайн курсқа жазылыңыз. Тіл бойынша емес, мысалға, әлемдік тарих, кулинария сияқты сізге ұнайтын тақырыптарды таңдайсыз. 

Ұнататын әрі өз тіліңізде жаттап алған сериалды түпнұсқада көріңіз, сүйікті орындаушыңызбен қосылып әнін айтыңыз, қызығушылығы ұқсас шетелдіктермен танысыңыз. 

Жазған ұнамайды ма? Жаттап алыңыз! Жаттаған ұнамайды ма? Жазыңыз! Тіл үйренуде әндерді, онлайн-ойындарды, әдемі безендірілген материалдар мен түрлі-түсті қаламдарды, жапсырмаларды, вирусты видеоларды, қызықты бағдарламаларды әзілдерді пайдаланыңыз. 

Процестен рақаттану – оқуды тастамауға кепілдік береді. Ұнайтын істі кім тастасын? 

Бұл пунктке көмектесетін кітап: «Не  туралы армандау керек» 

  1. Сабақты жүйелі жасау 

Бір аптадағы бір сағаттан, күн сайынғы 5 минут артық. Жақсы жаңалық – шет тілі рулетка немесе лоторея емес, егер үнемі жұмыс істесеңіз сіз оған жетесіз. 

Жаман жаңалық: мақсатқа қарай ұмтылмай және жаттығуды үнемі орындамасаңыз, жаңадан бірдеңе үйренбек түгілі, осы уақытқа дейін үйренгеніңізді ұмытып қаласыз. 

Осы пунктке көмектесетін кітаптар: «ҒарышAgile-дәптер», «Джедай техникалары», «Таң сиқыры»  және «Таң сиқырыКүнделік»  

  1. Компания іздейміз

Дұрыс орта — жарты жетістік. Әрине, айналаңызда бәрі шет тілін оқып жүрсе әрқашан тіл жайлы айтатын әңгіме болады. Бірақ ондай орта болмаса, сізге қызықты критерий бойынша іздеңіз. Мысалға, белгілі бір сериалсүйер қауым, осы немесе басқа бизнес-тренерлерді үлгі тұтатындар, Стивен Кингті ұнататын оқырмандар немесе бизнесмендер. Сәйкес келетін форумдарға тіркеліңіз, сол тілде жазысыңыз, идеяластарыңызбен әңгімелесіңіз. Тек шет тілінде. 

Осы пунктке көмектесетін кітаптар: «Сөйлесу ғылымы», «Жалғыз тамақ ішпеңіз». 

  1. Тілді үйренбейміз, онымен өмір сүреміз

Егер шет тілін үйренуге үнемі арнайы уақыт бөлуге тырыссаңыз, ақыры оған жете алмауыңыз да мүмкін. Немесе қатты шаршап келіп, бірдеңе істеуге мүлдем құлықсыз күйде тілге бір сағатыңызды жыруыңыз мүмкін. Күтпеңіз — тілді үйренбеңіз, онымен өмір сүре бастаңыз. Барлық гаджеттер — ағылшын тілінде, телефоннан кір жуғыш машинаға дейін, сол тілде қызықтыратын тақырыптағы журналға жазылу, сізді қызықтыратын тілде, түпнұсқада жазатын авторларды оқу, «түпнұсқа» тілде сериалдар қарау, көліктегі әндер мен подкасттар – олар да шет тілінде.  

Осылайша, сіз тіл үшін арнайы уақыт іздемейсіз, сіз онсыз да кешке сериал қарайсыз, онсыз да жұмысқа бара жатқан жолда подкаст тыңдайсыз. 

Тіл үйренбеңіз, онымен өмір сүріңіз!  

Осы тармаққа септігін тигізетін кітап: «Мен тілдерді қалай үйренемін». 

  1. Ілгерілеуді бақылаймыз

Бірінші тармақтағы мақсат басқа не үшін керек?  Прогресті бақылау үшін: егер нақты мақсатыңыз болмаса, мысалы, SMART принципі бойынша, бір жаққа жылжыдыңыз ба, оны қайдан білесіз? Санақ нүктесін белгілеңіз — ол сөздік қордағы сөздер саны, шет тіліндегі бір айдағы әңгімелесу саны, бір жылда түпнұсқада оқылған кітап пен қаралған сериал саны болуы мүмкін. Сосын бақылаңыз — осы айда/жылы көбірек шықты ма? Бірінші тармақтағы жоспарды ұстана алдыңыз ба? Онда прогресс ешқайда қашпайды, оған қол жеткізесіз.  

Осы пунктке көмектесетін кітап: «Аптасына бір әдет». 

  1. Мотивация туралы ойланамыз  

Қазір мотивация іздеу (және табу) сәнді, ал мен сіздерге motivation follows action принципін ұсынамын — жасаймыз, ал процесс барысында мотивация келеді. 

Мотивация іздеуге уақытыңызды құртпаңыз — өз жоспарыңыз бойынша әрекет етіңіз, процесс кезінде-ақ мотивация табасыз. Оның үстіне, тілдің түрлі элементтеріне (сөйлесу, жазу, т.б.)  ынта түрлі болуы мүмкін – жай ғана сүйікті авторды түпнұсқада оқығың келеді, үйреніп жатқан тілдің еліне көшу немесе іссапарға бару күтіп тұр. Қалай болғанда да, тіпті мотивация болмағанның өзінде — бұл ештеңе жасамау керек деген сөз емес. Таймерді 5 минутқа қоямыз да кірісеміз. Бірте-бірте мотивация да пайда болады, ал уақытты кері қайтара алмайсың.  

Осы тармаққа жәрдемдесетін кітап: «Әдет бойынша супермен». 

  1. Тіл үйренудің ыңғайлы тәсілдерін таңдаймыз

Тағы да дербестендіру туралы. Техниканы жақсы көресіз бе? Қосымшалар қолданасыз ба? Тіл бойынша ыңғайлысын іздеңіз. Қаламмен жазу, маңызды жерді маркермен белгілеу ыңғайлы ма? Тіл үйренуге арналған дәптер бастаңыз. Тіпті сөздер мен тіркестерді еске сақтауға арналған суреттер қолдануға, тұтас мәтіндерді сызбамен шимайлауға болады — таңдау өзіңізде. Сізге ыңғайлы және ұнайтын нәрсе есте жақсы қалады және оны тастап кеткіңіз келмейді.  

Осы пунктке пайдалы кітап: «Қалайша барлық нәрсені әрқашан есте сақтау керек». 

  1. Шағын қадамдар күшін пайдаланамыз

Иә, күніне 5 минут тіл үйрену — аптасына бір сағаттан жақсырақ. Немесе айына 5 сағаттан. Себебі, біз кейде ауырамыз, кейде жұмыста қапыламыз – сосын тілге жоспарлаған дәл сол сағат басқа бірдеңеге кетеді. Ал күніне 5 минут әркімде бар. Одан бөлек, сіз 5 минут ішінде бірдеңе жасап үлгеріп қана қоймайсыз (бастысы, тілге арналған мұндай мини-тапсырмалар тізімін алдын-ала жасап қойыңыз да, қол астыңызда ұстаңыз), сонымен қатар үнемі тіл үйрену әдетін қалыптастырасыз.  

Осы тармақ үшін себі тиер кітап: «Аздан баста». 

  1. Жанама тіл әдебиетін оқимыз 

«Тіліңіздегі» жаңалықтарды қараңыз, осылайша сіз сөздік қорыңызға бірер сөз қосып қана қоймайсыз, сондай-ақ әлемдік оқиғаларға шетелдік көзқараспен қарайсыз. Тілін үйреніп жатқан елдің тарихын оқыңыз. Ми, оқып-үйрену, есте сақтау, полиглоттар мен жалпы тілдер туралы ғылыми-көпшілік әдебиетті оқыңыз. Шет тілі - бұл жай грамматика плюс сөздік қана емес – басқа да қызық салалардан қапы қалмаңыз.      

Бұл пунктте көмегі бар кітаптар: «Музыканың көмегімен шетел тілін жылдам үйренудің оңай жолы» (электрон нұсқа), «Жылдам оқу». 

  1. Өзімізге сенеміз

Ең бастысы – өзіңізге сеніңіз. Мақсат қойыңыз, оған ұмтылыңыз, тілді ләззатпен үйреніңіз — қолыңыздан бәрі келеді, тура осы 2018 жылы! Сәттілік! 

Похожие материалы