Экономика
Авто
2018 жылы зейнетақы жинақтары 101,3 млрд теңгеге өсті
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 101,3 млрд теңгеге ұлғайып, 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 7 882,1 млрд теңгені құрады.
2018 жылғы 1 наурызда 2 804,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 29,4 млрд теңгеге ұлғайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептемегенде) 2018 жылғы 1 наурызда 9,6 млн шотты құрады.
Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 62,8 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ-тың жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2018 жылғы 1 наурызда бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 44,2 пайызын және 28,3 пайызын) құрайды.